• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел - бір кітап" - 2011

2011 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы республика көлемінде насихатталды. 

Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)  1899 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Әкесі Аймауыт балаларын оқып білім алумен қатар, қол өнер кәсібіне де баулыған. Жүсіпбек пен ағасы Ақатты ауылдағы етікші, ағашшы, өрімші сияқты шеберлерге жіберіп, қол өнерге үйретеді. Ән салып, домбыра тартуға баулиды. Осылардың нәтижесінде Жүсіпбек едәуір қол өнер кәсібіне төселеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Тиіп-қашып әр қилы молдалардың, өз айтуынша, Жүсіп қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан алдын көріп, ескіше білім алады. Содан кейінгі біраз уақытта өзі молдалық құрып,бала оқытады.

  1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып, орыс мектебіне түседі. Баянауылда інісі Оспанның  досы Серебрянников дейтін тілмаштың  үйінде жатып оқиды. Баянда бір қыс оқып,екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық школіне барып емтихан тапсырады, бірақ ол  ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмады. Ауыл шаруашылық школында оқып жүріп, мектеп режімі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады.Осыдан кейін ауылда бала оқыта жүріп, Баяндағы оқуын жалғастырады.1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасып оқуын әрі қарай интернатта жалғастырады. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1919 жылы бітіріп шығады. Семинарияны бітірген жылы Жүсіпбек Вера деген қызға үйленеді. Верадан Бекнұр, Жанақ деген балалары болады. Вера кенеттен қайтыс болып, Жүсіпбек қайта үйленуге мәжбүр болады. Екінші рет Евгения Қарабатырқызы Сермұхамедовамен отасады,одан Муза деген қызы дүниеге келеді. 1919 жылы Жүсіпбек Алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді. Семейде,  Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің сьезіне делегат болып қатысады. Содан кейін, Қазақ АССР Халық ағарту комисариатында басшылық қызметте комиссардың орынбасары болып қызмет атқарады.1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, ал, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Сонымен қатар ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады.

 Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауыпқа тартылып, артынан ақталады. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.Қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде дүниеден өтеді.

Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазады. Өлеңдері алғаш 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылып шығады.

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті тарихындағы алғашқы үлкен романшы және драмашы ретінде белгілі. Алайда мұндай жанрларды игеру және оны ұлттық әдебиетке бастаушы болу абыройы жазушыға бірден келген жоқ. Ол оған дейін үлкен әдеби мектептен өту,іздену, өсу кезеңдерін басынан кешірді. Жүсіпбек Аймауытов өзінің алғашқы әдеби тәжірибесін М.Әуезовпен бірге күнделікті баспасөз беттерінде, публистік, журналистік қызметпен қатар бастады.

 1917 жылы –ақ ол Семейде шығатын «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінің белсенді авторларының бірі болды. 1918 жылы М. Әуезовпен «Абай» журналын шығарысты. Жүсіпбектің шығармашылық жолға біржола бет бұрысы революциядан кейін басталады.  Көптеген өлеңдер,газетке арнап мақалалар, көркем өнер үйірмелеріне бір актылы пьесалар жазумен шұғылды. Олар сол кезде Қазақстанда шыққан газет, журналдар бетінде, жеке жинақтарда басылып тұрды.

Жасынан өлең, сөзге құмар Жүсіпбектің шығармашылық жолын өлеңнен бастауы да заңды. 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде «Сарыарқаның сәлемі» деген өлеңі басылды.Сол жылы «Алаш» газеттерінде «Жазушыларға», «Отағасы», «Ұршық» атты өлеңдері жарық көрді. 1918 жылы «Абай» журналында «Көшу», «Ұран», «Әскер марсельезасы» жарияланды. Одан кейінгі жылдары «Жәмила», «Тұңғиық түпсіз аспанда», «Ленинге», «Қазақстанның 6 жасқа толған күніне арналған ұран өлең», деген жырлары мен «Нұр күйі» атты поэмасы шықты. 



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу